Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2014 жылдың 2-3 қазанында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, Травматология және ортопедии ғылыми-зерттеу институтымен (ТОҒЗИ) және Қазақстандық травматолог-ортопедтерінің қауымдастығымен Қазақстандық травматолог-ортопедтерінің II съезі ұйымдастырылған болды, оған жақын және алыс шетелдің 10 елінен Германиядан, БАЭ, Белорусиядан, Эстониядан, Ресей Федерациясынан, Түркиядан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәджікстаннан және басқа елдерден келген ғалымдар қатысты.

2014 жылдың 2 қазанында Астана қаласының №1 қалалық ауруханасы базасында «Травматология және ортопедиядағы технологиялар мен инновациялар. Көптеген және бірлескен жарақаттар» тақырыбына арналған осы форумның политравма бойынша секциялық отырысы өтті.

Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының политравма бөлімшесі жақын және алыс шетелдің жетекші клиникаларымен кең байланыс орнатып, елімізде ғана емес, сондай-ақ одан да тысқары танылуға қол жеткізе алды. Политравма бөлімшесінің дәрігерлерімен тиімді және қысқа мерзімде емделушіге «аяғына тұруға» және өмір сапасын едәуір жақсартатын, емді амбулаториялық жалғастыруға мүмкіндік беретін, заманауи халықаралық стандарттар бойынша зақымданғандарды емдеу жүзеге асырылады. Бөлімше әдістемелерінің арсеналында – импорттық өндіріс фиксаторларымен заманауи тұрақты, шағын инвазиялық сүйек сынықтарының остеосинтезі бар. Бөлімше қызметкерлері сондай-ақ Қазазақстан Республикасының түрлі аймақтарында зақымданғандарға көмек көрсетеді және Республикалық Санитарлық авиация орталығының жәрдемімен жамбас пен омыртқа бағанасы сүйектерінің сынықтарымен ең күрделі пациенттерді операциялық емге тасымалдайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша әсіресе 45 жастан кіші тұлғаларда, өлім-жітімділік себептері арасындағы ауыр механикалық жарақаттар тек ісіктер мен жүрек-қантамырлық ауруларға жол береді. Жарақаттанушылық – бұл жоғары маңызды әлеуметтік-медициналық мәселе. Дәл сол себепті қазақстандықтардың денсаулығын нығайта отырып, жарақат зардаптарымен тиімді күресуге мүмкіндігі бар, осы медицина бағытын дамытуға көңіл бөлу қажет.

Көптеген және жанамаласқан жарақаттарды емдеу мәселелері талқыланған политравма бойынша бүгінгі секциялық отырыс, халықты сауықтыруға мүмкіндіктерін кеңейту жолында алға тағы бір қадам жасауға мүмкіндік береді.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді