2014 жылдың 17 қазанында Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығымен» АҚ-мен уролог, кардиолог, эндокринолог және терапевт дәрігерлері үшін «Ерлер денсаулығы мектебі» өткізілген.
Жыл сайын «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ бас директоры, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас урологы М.К. Алшынбаевтың бастауымен «Ерлер денсаулығы мектебін» өткізеді, оның мақсаты түрлі жас топтарындағы ер адамдарда уроандрологиялық патологияны анықтау, осы санаттағы ер адамдарда қосарлас ауруларды анықтау, тәртіпаралық тәсілдеменің көзқарасынан уролог, кардиолог, эндокринолог және терапевт дәрігерлері арасында урологиялық пациенттерді диагностикалау мен емдеуді жүргізудің алгоритмін енгізу болып келеді.
Орталық қазіргі заманғы урологиялық ғылымның өзекті проблемаларымен, ең жаңа медициналық технологиялар базасында урологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу мен алдын алу және ер адамдардың ұрпақ жаңғырту мәселелерімен айналысады.
Осы конференция Қазақстандағы ер адам денсаулығын қорғаумен байланысты, проблемаларды шешумен айналысатын дәрігерлерді біріктірді. «Ерлер денсаулығы мектебі» бағдарламасы шеңберінде 29 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығы кезеңінде Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының базасында 150 ер адам ақысыз негізде тексерілген. Сондай-ақ 16-17 қазан аралығында урологтың, кардиологтың және эндокринологтың тегін консультациялары ұйымдастырылған еді.
Болып өткен баспасөз конференциясында ҚР ер адам денсаулығының қазіргі жағдайына, урологиялық аурулардың ерте алдын алуына, сапалы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауына қатысты мәселелер көтерілді.