Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2014 жылдың 31 қазанында Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында «Астана медицина университеті» АҚ невропатология кафедрасының қызметкерлерімен Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне орайластырылған, Астана қаласының тұрғындары үшін Ашық есік күні өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтаудың ұйымы инсультті ғаламдық эпидемия деп жариялағаннан кейін, Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап, жыл сайын 29 қазанда аталып өтеді. Жыл өткен сайын инсульт «жасарып отырады», сондықтан дәрігерлер 40 жастан бастап ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге үнемі тексеруден өтуге кеңес береді. Қалғандар үшін - егер жақындарыңыздан біреу немес жай даладағы адам өзін нашар сезініп, уақытында инсультті анықтау және жедел жәрдемді шақырту үшін, симптомдарды есте сақтау қажет. Қауіп-қатер факторларына жоғарылаған артериялық қысым, жыбырлақ аритмия, «зиянды» холестириннің жоғарылаған деңгейі, шылым шегу жатады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша жыл сайын инсульт алты миллионға жуық адам өмірін әкетеді.

Осы күні, инсульт дамуының қауіп-қатер факторларын анықтау мақсатында, аурухананың орталық холлында Астана медицина университетінің неврология кафедрасы профессорларының, доценттерінің, тәжірибелі және жоғары кәсіби мамандарының тегін консультациялары ұйымдастырылды, сондай-ақ салауатты өмір салты бойынша ұсынымдар берілді. Барлық тілек білдірушілер артериялық қысымды, тамыр соғу жиілігін өлшеп, невролог консультациясын алды, сондай-ақ жаднама түрінде ақпарат алып және «Инсульт деген не? Алғашқы алдын алу шаралары»,  «Инсульттің алғашқы симптомдарын әркім білуі тиісті» фильмдерін көре алды. Тексеру нәтижелері бойынша барлықтарына инсультты болдырмау және алдын алу бойынша жеке ұсынымдар берілді.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді