Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2014 жылдың 19 қарашасында Астана қаласының №1 қалалық ауруханасы базасында Респираторлық медицина мамандарының қауымдастығымен Денсаулық сақтау министрлігімен, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен, Салауатты өмір салты орталығымен және Астана Медицина университетімен бірлесіп «Әлі де кеш емес» ұранымен Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпе ауруларына қарсы күрес күні өтті.

Жыл сайын бүкіл дүние жүзі Халықаралық созылмалы обструктивті өкпе ауруларына қарсы күрес күнін (қараша айының үшінші сәрсенбісі) және Халықаралық темекі шегуден бас тарту күнін (қараша айының үшінші бейсенбісі) атап өтеді. СОӨА-ның проблемасы мен алдын алуына және темекі шегуден бас тартуды насихаттауға халықтың және медицина жұртшылығының көңілін аудару мақсатында Қазақстанда осындай акция 10-шы жыл қатар өткізіліп отыр.

Созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА) – бүкіл дүние жүзі бойынша денсаулықтың бұзылуының және өлім-жітімділіктің басты-басты себептерінің бірі. Бүгінгі күнде ол бүкіл дүние жүзі бойынша өлім-жітімділіктің жетекші себептерінің арасында 4-ші орында тұр және болжам бойынша 2020 жылға қарай үшінші орынды алуы мүмкін. Осы аурудың ерекшелігі оның көпқұрамдығы болып келеді. Осы ауру кезінде тек бронх пен өкпе ғана емес, сонымен қатар жүрек, тамырлар, асқорыту, сүйек-бұлшықет және организмнің басқа жүйелері зақымданады. Аурудың созылмалы тыныс алу мен өкпелік-жүрек жеткіліксіздігіне аяқталуымен үдемелі сипаты бар.

Осы іс-шара барысында елорданың белгілі дәрігер-пульмонологтары «АМУ» АҚ пульмонология кафедрасының профессорларымен және доценттерімен бірлесіп 100-ден астам адамға консультация берді, дәрігерлер мен пациенттер үшін дәрістер оқыды.

Осы іс-шараны өткізудің мақсаты – проблемаға көңіл аудару, ауру жөнінде білгендікті жоғарылату, пациенттерге көмек көрсетуді жақсарту, темекі тәуелділігіне таралушылықты төмендетуге жағдай жасау, барлық халық топтары мен барлық мамандық дәрігерлерін темекі шегуге қарсы күреске тарту, темекі шегудің профилактикасын жүргізу және темекінің денсаулыққа зиянды әсері туралы жұртшылыққа хабарлау болып келетінін еске саламыз.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді