2014 жылдың 3 желтоқсаннан бастап 5 желтоқсан аралығында Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының базасында Политравма және қалпына келтіру ортохирургия орталығы Астана қаласының Оқу-клиникалық орталығымен бірлесіп «Политравма кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Германия тәжірибесі» тақырыбына арналған мастер-класс өткізді.
Әріптестерімен тәжірибе бөлісуге үш профессор келген: Рейнхард Шнетлер Гиессен медицина университетінің профессоры (Франкфурт қаласы, Германия), Джолдас Кульджанов ортопедиялық хирургия департаментінің профессоры, Сент-Луис университеті (АҚШ), профессор Жігер Қайролла (Үрімші қаласы, Қытай).
Мастер-класс шеңберінде шетел мамандарымен бірлесе политравма бойынша төрт операция жасалған, олардың әрбіреуі іс жүзінде бірегей. Осы мастер-класстың маңызын асыра бағалау қиын, ол соған қатысқан дәрігерлер үшін де, сондай-ақ көп жылдық аурулардан арылуға бірден мүмкіндік алған пациенттер үшін де маңызды және ол ең бастысы. Гиессен медицина университетінің профессоры Рейнхард Шнетлердің қатысуымен травматология және ортопедияның өзекті мәселелері бойынша дәрістер оқылған болды.
Осылайша, Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының травматолог-ортопедтері шетелдік әріптестермен тәжірибемен алмасады және өздерінің кәсіпқойлығын арттырады.