2015 жылғы 06 ақпанда сағат 10.00-де Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында «Daegu Fatima hospital» клиникасының жетекші мамандарымен «Колопроктология және ортопедиялық хирургия. Корея тәжірибесі» тақырыбына арналған мастер-класс өтті.
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен Тэгу қаласының мэрия (Оңтүстік Корея) арасында жасасылған ынтымақтастық туралы меморандум негізінде 2015 жылғы 6 ақпанда Астана қаласының №1 қалалық ауруханасына Тэгу қаласындағы Фатима Ауруханасының мамандар делегациясы келіп кеткен.
Мастер-класс шеңберінде Daegu Fatima hospital мамандарымен бірлесе операция жасалған, сондай-ақ төмендегі тақырыптарға арналған дәрістер оқылды:
1. «Қос қабат әдісіндегі анатомиялық тәсілдеме (Шап жарығы)» Хай Чанг Чо - хирург, PhD, профессор, Daegu Fatima hospital хирургия бөлімшесінің директоры.
2. «Кореяның ортопедиялық хирургиясындағы ақырғы үрдіс»
Янг Хо Чо - Daegu Fatima hospital хирургия бөлімшесінің меңгерушісі.
Мастер-класс барысында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК мен Тэгу қаласының Фатима Ауруханасы арасында медициналық ғылым мен медициналық туризм аясындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылған.
Меморандумның мақсаты мемлекеттік денсаулық сақтауды дамытуына үлесін қоса отырып, тиісті медициналық көмекті дамыту және ұсыну мәселелері бойынша тараптар арасындағы өзара ынтымақтастық болып табылады.