Қазіргі заманда трансплантология еліміздегі денсаулық сақтау жағдайының негізгі көрсеткіші болып келеді – егер ағзаны алмастыру бойынша операциялар орындалса, демек осы елдің медицинасы дамудың жоғарғы деңгейінде екенін көрсетеді. Қазақстан Республикасында шамамен 3 000 адам бүйректі алмастыру үшін күту парағында тұр, шамамен 170-200 қазақстандық жыл сайын бауырды алмастыруын, осыншалық жүректі алмастыруын қажетсінеді. Күрделі және қымбат операцияларды қазақстандықтар шетелде жасауға мәжбүр. Көпшілік үшін ондай мүмкіндік берілмейді.
Тірі донордан бауырды алмастыру трансплантологиядағы ең күрделі операцияларының бірі болып саналады. Оның жетістігінің басты факторлары - ол бірінші кезекте жоғары білікті трансплантологиялық және реанимациялық-анестезиологиялық бригадалардың, заманауи диагностикалық жабдықтардың бар болуы және клиникалық зертханамен жабдықталуы. №1 қалалық аурухананың жабдықталу деңгейі мен мамандардың біліктілігі жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
Астана қаласының №1 қалалық ауруханасы Қазақстан Республикасында инновациялық технологияларды енгізетін, қалалық деңгейдегі алғашқы стационар болып келетінін атап өткен жөн. Бүгінгі күнде Астана қаласының №1 қалалық ауруханасы базасында 9 бауыр трансплантациясы және 7 бүйрек трансплантациясы жасалған. Бауыр мен бүйректі трансплантациялау бойынша барлық операциялар ойдағыдай өтті және қазір донорлар мен реципиенттер толық құнды өмір сүруде.
Казақстандық медицинадағы бұзып өту Қазақстан Республикасының шекарасынан кетпей, трансплантацияны қажет ететін бауыр ауруларын емдеуде кең болашақты ашады. Аурухананың ағзаны трансплантациялау бағдарламасын жүзеге асыруы, ағзаны алмастыруын қажет ететін пациенттерге операциялар санын жыл сайын ұлғайтуға мүмкіндік береді.