8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында аурухананың барлық әйелдер ұжымы жиналған салтанатты ісшара өтті.
Салтанатты ісшараны Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері Марат Қарсыбекұлы Абдуов ашты және адамзаттың әсем жартысы әйелдер өкілдеріне арналған көп жылы құттықтау лебіздерін айтты. Артынша ісшара аурухананың шығармашылық ұжымының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламамен және сыйлықтарды тапсырумен жалғасты.
Жарқын және естен кетпес құттықтаулар, сыйлықтарды тапсыру аурухана ұжымы мен емделушілеріне тамаша көктемгі көңіл күй сыйлады және әйелдерге көктемнің басталғанын сезінуге ерік берді.