2015 жылғы 20-наурыз күні сағат 15:00-де Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының қызметкерлері салтанатты түрде көктемдік Наурыз мерекесін атап өтті.
Ер азаматтың сұлулығы күш-жігерінен, әрекеттерінен, ар-намысынан және абыройынан көрінеді. Осындай сұлулықты қалалық аурухана қызметкерлері «Жігіт сұлтаны» байқауында көрсетті.
Шара барысында патриоттық сезімді сақтау және дамытуға, қазақтың салт-дәстүрлеріне құрмет білдіруге, түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы қарым-қатынасты жетілдіруге аса мән берілді.
Батылдық, күш, жігер, табандылықты насихаттайтын байқау 5 бөлімнен тұрды. Бір жарым сағат ішінде барлық қатысушылар өздерін жан-жақты көрсете білді, шешендік өнерлерін, күш-жігерін, ақылдылықтарын, шаруашылық қабілеттері мен шығармашылық қасиеттерін көрсете білді.
Байқау қорытындысы:
Бірінші орынды қазылар алқасы оториноларингология орталығының қызметкері Даир Рахметовқа берді;
Екінші орынды – маркетинг және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қызметкері Улан Даулетханов иеленді;
Үшінші орынды – жалпы хирургия бөлімшесінің қызметкері Дархан Нурсагатов иеленді.
Байқау қорытындысы бойынша анықталған женімпаздарға аурухананың кәсіподақ ұйымының атынан бағалы сыйлықтар табыс етіліп, соңынан ұлттық тағамдармен әзірленген фуршет ұйымдастырылды.