Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2015 жылғы 5-мамыр күні сағат 15.00-де Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының пульманология бөлімшесі Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, Респираторлық медицина мамандарының ассоциациясы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және Астана Медициналық университетімен бірлесе Дүниежүзілік Демікпеге қарсы күрес күніне арналған жыл сайынғы кезекті шара өткізді.

Дүниежүзілік Демікпеге қарсы күрес күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесімен бекітілген және жыл сайын мамыр айының бірінші сейсенбісінде Бронх демікпесі бойынша ғаламдық бастама GINA(GlobalInitiativeforAsthma) қамқорлығымен өткізіледі. Алғаш рет 1998 жылдан бастап 35 мемлекетте аталып өтіп, бронх демікпесі бойынша дүниежүзілік маслихатқа орайластырылды (Барселона, Испания).

Демікпеге қарсы күрес күнінің негізгі міндеті дәрігерлердің, емделушілердің және халықтың осы сырқат туралы хабардарлығы, жұртшылықтың назарын демікпеге қатысты мәселені шешуге жұмылдыру, демікпесі бар емделушілерге көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру болып табылады.

Осы күні барлық қалаушылар пульманолог мамандарының кеңесін алды, сонымен қатар бастапқы жүйедегі дәрігерлер үшін Демікпе сырқатының диагностикасы және емдеу бойынша қазіргі жетістіктер бойынша сұрақтар  туралы ақпарат ұсынылған болды және 6 сағат көлемін қамтитын сертификат берілген.

Бронх демікпесі емделмейтініне қарамастан, оны бақылауға және белгілерсіз толық құнды өмір сүруге болады. Базистік қабынуға қарсы емді қолдану оған мүмкіндік береді.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді