2015 жылғы 10 қыркүйекте Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында жалпы республикалық «Денсаулық фестивалі» шеңберінде «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен кең ауқымды акциясы өтті.
1999 жылдан бастап жыл сайын қыркүйек айында барлық республика бойынша «Денсаулық фестивалі» өтеді, ол нағыз Денсаулық мерекесі болып қалыптасып кетті. «Ұлт денсаулығы –біздің табысты болашағымыздың негізі» - осылай Президенттің соңғы Жолдауындағы стратегиялық бағыттарының бірінде көрсетілген.
Осы фестиваль Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының қызметкерлері үшін жақсы дәстүрге айналды. Жыл сайын спорт пен салауатты өмір салты туралы ақпаратты дәріптеу мақсатында аурухана қызметкерлерімен түрлі кең ауқымды флешмобтар мен спорт жарыстары өткізіледі.
Осы жылы іс-шара үш кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең – флешмоб, аурухана қызметкерлерімен бір мезгілде орындалатын ең пайдалы және қазіргі заманғы жаттығулар кешені.
Екінші кезең – «Барлығы салауатты өмір салты үшін» тақырыбына арналған көрме-жәрмеңке, онда қатысушылар мен келіп кетушілердің дұрыс тамақтану талаптарына сай келетін азық-түліктің дәмін татуға мүмкіндігі болды.
Үшінші кезең – аурухана қызметкерлері арасында теннис бойынша жарыс. Жарыс қорытындылары бойынша орындар төмендегідей берілді:
1-ші орынды - аға кеңесші заңгер Н.М. Наурызбаев, 2-ші орынды – дәрігер-уролог И.С. Сейсекеев және 3-ші орынды – анестезиолог-реаниматолог А.Р. Баймагамбетов алды.
Іс-шараның барлық қатысушылары салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану туралы көп жаңалық білді және жағымды сезім мен сергектік қуат алды.