Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

1990 жылғы 14 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1 қазанды Халықаралық қарттар күні «International Day of Older Persons» деп санауын қаулы етті. Ең әуелі Қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 1990 жылдың аяғында барлық дүние жүзінде атап өте бастаған. 1 қазанда қарттардың құқықтарын қорғауына қауымдастықтармен ұйымдастырылатын түрлі фестивальдар, қоғамда олардың құқықтары мен рөлдеріне арналған конференциялар мен конгресстер өтеді.

Осы ерекше мәні бар күні құттықтау сөздерін 60 жас пен одан да жасы үлкен шамасындағы мекеме қызметкерлері қабыл алды. Бас дәрігердің сапаны бақылау жөніндегі орынбасары А.Б. Габдрахманова ардагерлерді аурухана басшылығы атынан құттықтап және оларға естелік сыйлықтарды тарту етті. Сондай-ақ құттықтау сөздерін аурухананың кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.А. Алимов айтты.

Құттықтау сөздерінен кейін аурухана басшылығынан мерекелік эстафетаны Астана қаласының №28 орта мектебінің оқушылары іліп әкетті. Астана қаласының №28 орта мектебінің директоры Т.А. Брусевичтің және №28 орта мектебінің тәрбие жөніндегі директор орынбасары Г.В. Кононенконың басшылығымен мазмұнды мерекелік бағдарлама дайындалған болды.

Денсаулық жағдайы бойынша осы іс-шараға қатыса алмаған ардагерлерді, аурухана әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының өкілдері олардың үйлеріне барып шығып мерекемен құттықтады. Оларға гүлдер, естелік сыйлықтар табыс етілген болды және олардың атына көп жылы сөздер мен ризашылық айтылған болды.

Қатысушылардан шыққан ықылас пен қамқорлық, ешбір қарт адамды көңілсіз қалдырған жоқ. Мереке ойдағыдай өткенін сенімділікпен айтуға болады.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді