Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2015 жылғы 18-қараша күні Астана қаласының №1 Қалалық аурухана базасының конференц-залында ӨСОА бүкіләлемдік күрес күніне арналған конференция өтті.

ӨСОА ( өкпенің созылмағы обстракциялық ауруы) – үздіксіз жөтелу, бронх тармақтарының шырышты ісігі, қақырықтың қалыпты кетуінің бұзылуы, бронхідегі созылмалы қабынумен сипатталатын ауру. ӨСОА сырқатының ең көп тараған себебі – темекі шегу.

Ісшара аясында:

- ӨСОА ауруы бар емделушілер және барлық тілек білдірушілерге арналған сырқат, оны емдеу және профилактикасы туралы оқыту дәрістері;

- ӨСОА ауруы бар емделушілерді Астана қаласының пульмоног дәрігерлерінің кеңестік қабылдауы;

- ӨСОА емдеуге арналған препараттарды шығаратын фармацевтикалық компаноиялардың көрмесі;

- сертификат табыстау.

Конференцияға сағат 16:00-ден бастап ӨСОА бар емделушілер, сонымен қатар Астана қаласының медициналық ұйымдарының пульмонолог-дәрігерлері қатысты.

«АМУ» АҚ пульмонология және фтизиатрия кафедрасының меңгерушісі профессор И.Ю. Козлова дәріс оқыды. Семинарда емделушілер сырқат, оны емдеу және алдын алу туралы жаңалықтармен және технологиялармен танысты. ӨСОА сырқаты бар емделушілерге емдік дәрі-дәрмектер шығарытын фармацевтикалық компания өкілдері де қатысты. Тұрғындарды емдегенге қарағанда ауруды ескертетін осындай шараларды ұйымдастырған дұрыс.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді