2018 жылдың 10 қарашасында №1 қалалық ауруханасы жағдайында лазерлік сәулемен геморройлық түйіндерді вапоризациялау және доплерографиямен бақылау арқылы геморройлық күретамырды дезартеризациялау – геморройлық ауруларды кешенді емдеу бойынша халықаралық мамандардық қатысуымен шеберлік-сыныбы өткізілетін болады
Шеберлік-сыныбына жоғары санатты дәрігер-колопроктолог, доктор Владимир Сергеевич Толстых шақырылды.
Конференция пациенттерді емдеуде заманауи әдістерді және технологияларды ағартуға мүмкіндік береді.
Талқылау үшін жоспарланған сұрақтар заманауи денсаулық сақтау үшін өзекті болып табылады және медицина қызметкерлерін теориялық және практикалық деңгейде даярлығын арттыруға мүмкіндік береді.
«АНГИОДИН-Прокто + екі толқынды лазер ИРЭ-Полюс» кешенінде геморройды кіші инвазивтік емдеу» оқытушылық шеберлік-сыныбы «БИОСС» НПФ фиормасының «ОСТ-ФАРМ» ЖШС-мен бірлесе отырып өткізіледі.
Геморройлық түйіндерді дезаретризациялау1995 жылы Жапонияда хирург Моринагамен әзірленді. Уақыт өте келе оны жаңа әдістермен толықтыра отырып бірнеше мәрте жетілдірді. Геморройды осы отамен емдеу ауыртпайды және жарақаттамайды. Бұл әдіс пайда болған түйіндерді жою үшін ғана емес, сонымен қатар олардың болашақта пайда болуының алдын алу үшін де негізделген.
Мұндай отаны жасау техникасы геморройлық түйінге келетін артериялық қан ағысын тоқтату болып табылады. Бұл ота допплер-бақылау арқылы орындалады. Оның көмегімен ота жасаушы дәрігер түйінді қоректендіретін күре тамырды тауып алып, оны байлап тастайды. Сондан кейін түйін біртінлеп кішірейеді, уақыт өте келе жоқ болып кетеді.
«АНГИОДИН-Прокто + екі толқынды лазер ИРЭ-Полюс» кешенінде геморройды кіші инвазивтік емдеу»
оқытушылық шеберлік-сыныбы
Бірлесе отырып жүргізеді:
• Өткізу күні: 10 қараша 2018 ж.
• Өткізу орны: Астана қ., №1 қалалық ауруханасы, Р. Кошкарбаев даңғ., 66.
• Шеберлік–сыныбаны қатысу ТЕГІН!
• Жеке өзі келіп қатысу қажет.
• Атысушыларды тіркеу: 9.00 (аумаққа кіре тек төлқұжат арқылы)
• Іс-шараның басталуы: 11-00
• Орындар шектеулі.
Шеберлік-сыныбының бағдарламасы:
• Доплерографиямен бақылау арқылы геморройлық күретамырды дезартеризациялау;
• Геморройлық түйіндерді лифтингтеу;
• Ішкі және сыртқы геморройлық түйіндерді лазерлік вапоризациялау;
• Геморройдың III және IV кезеңінде лазерлік вапоризациялауды және лифтингпен бірге дезартеризациялауды үйлестіре қолдану