https://auruhana1.kz/index.php/kz/bizdi-zha-aly-tar/890-birinshi-prezident-k-nine-arnal-an-fleshmob-tkizildi#sigProId6e7bb4b81c
2018 жылдың 30 қарашасында сағат 12.00-де Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-нда (бұдан әрі-Аурухана) жаппай флэшмоб өткізілді.
Бірінші желтоқсан күні қазақстандықтар біздің еліміздің Бірінші Президент күнін атап өтеді. Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады, яғни ол Қазақстан бірлігін, Конституцияны, адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етті.
Мереке қарсаңына орай, Ауруханада ұжымдық флэшмоб өткізілді. Оған клиниканың шамамен 200-дей қызметкері қатысты. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Аурухананың қызметкерлері мен іс-шара қонақтары жақсы көңіл-күйде болды.