2018 жылдың 4 желтоқсанында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК-на «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахыт Аманжолұлы Сапаров келіп кетті. Атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының жұмысы туралы есеп» талқылау тақырыбы болды, жүргізілген жұмыстардың барлық қырлары айтылды, таныстыру өткізілді. Іс-шараға 200-ден астам адам қатысты.