Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

2019 жылдың 29 қазанында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК-ның орталық холлында сағат 10:00-ден бастап 13:00-ге дейін «Сақ болыңыз инсульт!» атты ұранымен Дүниежүзілік Инсультке қарсы күрес күні өтті. 

Алғашқы рет осы күн 2004 жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы инсультті ғаламдық эпидемия деп жариялағаннан бастап атап өтілген.                  ДДҰ-ның осы бастамасы инсульт сияқты осындай кең таралған және қауіпті ауру туралы ақпаратты таратуға арналған. Бұл сырқат осы күнге дейін дүние жүзінде, сондай-ақ Қазақстанда да өлім мен мүгедектіктің басты себептерінің бірі болып қалады. Өлімнің жартысыннан көбі тамырлы ауруларға келеді, бұған қоса бестен бір бөлігінің шамасы еңбек етуге қабілетті жастағы адамдарда болады.

Дүниежүзілік Инсультке қарсы күрес күні шеңберінде №1 қалалық аурухананың холлында инсультті алдын алу бойынша тұрғындар үшін Ашық есік күні өткізілген. Барлық тілек білдірушілер үшін төмендегілер ұйымдастырылған:     

1. Невролог дәрігерлерінің консультациясы;

2. Артериялық қысымды өлшеу;

3. Дененің артық салмағын анықтау;

4. Холестерин деңгейін жылдам әдісімен анықтау;

5. Қандағы глюкозаны анықтау;

6. Осы тақырып бойынша бейнероликтер таратылған;

7. Инсультті алдын алу бойынша бүктемелер, үнпарақтар таратып берілген;

8. Инсультті алдын алу үшін салауатты өмір салтының маңызды рөлі туралы әңгімелесулер өткізілген: темекі тартудан бас тарту, алкогольді орынды ішу немесе одан бас тарту, дененің қалыпты салмағын ұстау, дұрыс тиімді тамақтану, жүйелі дене жаттығулары.         

9. МӘМС-ды енгізу бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмысы жүргізілген (бүктемелер мен кітапшаларды таратып беру).

Іс-шара мақсаты: Жұртшылықтың назарын қанайналымы жүйесінің ауруларымен байланысты өзекті мәселелеріне, ауруды уақытында анықтауын жоғарылататын, тұрғындардың жасына сәйкес скринингілік тексерулер мен диспансерлеуден жүйелі түрде өту рөліне аудару.

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді