Колоректальды обыр біздің Қазақстанда және әлемде жиі кездесетін обырлардың бірі болып саналады. Онкологиялық структурада ол 5-6 орында тұр. Қазақстан бойынша бізде 2000 жуық науқасты жыл сайын диспансерлік есепке алып отырамыз. Оның негізгі белгілері: тік ішектен қан кетуі болады, егер әрі қарай емделмейтін болса іштің қатуы байқалады, әрі қарай асқыну түрі желдің шығуы да қиындай түседі. Пайда болу себептері: негізгі әртүрлі қатерсіз ісіктер, ішетің қуысындағы созылмалы қабыну белгілері. Алдын алу себептері: жыл сайын скрининг тәсілдерімен емханадан өтіп отыру керек.