Елордадағы жедел медициналық жәрдемде Сатбағанбетова Камардың фельдшер болып жұмыс істегеніне алты жыл болды. Елордада болған ірі жол-көлік апаты кезінде жедел жәрдем автокөлігінде фельдшер Сатбаганбетова Қамар болған. ЖКО оқиға орнында фельдшер өзінің ауыр жарақат алғанына қарамастан, барлық зардап шеккендерді ауруханаға дейін жеткізу кезеңіне дейін жедел медициалық жәрдем көрсеткен. Фельдшер омыртқаның мойын бөлігінің сіңір аппаратының бұлшықеттерінің созылуымен, жауырын аралық бөлігінің көкірек қуысының жұмсақ тіндерінің соғылуымен, сол жақ жамбас буынының жұмсақ тіндерінің жарақатымен ауруханаға жатқызылды.