АМБУЛОТОРИЯЛЫҚ КОЛОПРОКТОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫМЕН ҚАБЫЛДАУ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БӨЛІМШЕСІ
Бөлімше аурухана алғашқы 1925 жылы ашылған күннен бастап жұмыс істейді. Осы бөлімшенің негізгі міндеті, қабылдау, диагностика, ауруханаға жатқызу, шұғыл көмек көрсету, бейінді бөлімшелерге шұғыл емдеуге жатқызу болып табылады. Бөлімшеде тәжірибелік барлық медициналық бағыттағы мамандар қызмет істейді: терапевттер, хирургтар, урологтар және т.б.. 2012 жылдың ақпанынан бастап тар көлемді мамандар енгізілген – гинекологтар, оториноларингологтар, неврологтар.
Аурухананың жабдықталуы мен мамандардың біліктілігі зертханалық анализдердің барлық спектрін жүргізуге мүмкіндік береді. Қабылдау бөлімшесінің деңгейінде, көрсетімдер бар болған кезінде УДЗ, рентгенография, компьютерлік томография, ЯМРТ жүргізіледі.
Бөлімшелер бойынша шұғыл операциялық әрекеттер жасалынады: хирургиялық, урологиялық, гинекологиялық, травматологиялық, нейрохиругиялық, колопроктологиялық, ЛОР бейінді.
Бөлімше қызметінің бағыттары:
- Шұғыл тәртіпте түскен пациенттерді тәуліктік қабылдау және тіркеу.
- Триаж(3Р) жүйесі бойынша аурудың түрі, ауырлығы мен бейіні бойынша шұғыл науқастарды медициналық іріктеуін жүргізу.
- Уақытында шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету, қажетті көлемде диагностикалық, зертханалық, аспаптық зерттеулерді, емдеу шараларын жүргізу.
- Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша диагнозды қойғанға дейін, диагностикалық палаталардағы (инфекциялық ауруға күдік бар болса - изолятордағы) пациенттерді бақылау.
Жоспарлы ауруханаға жатқызу бөлімшесі:
Жоспарлы ауруханаға жатқызу бөлімшесі «Инфекциялық, туберкулездік және психиатриялық аурулардан басқа стационарлық және стационарды алмастырушы медициналық көмекті көрсету жөнінен қызметтер» 067 Республикалық бюджеттік бағдарламасына сәйкес мамандандырылған және жоғары мамандандырылған стационарлық медициналық көмекті алу үшін пациенттерді жоспарлы тәртіпте ауруханаға жатқызуын ұйымдастырады. Жоспарлы ауруханаға жатқызу пациенттің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын есепке алуымен, денсаулық сақтау саласында уәкілетті органмен бекітілген, Стационарлық көмекті көрсету ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Стационарды алмастыратын көмек көрсету бөлімшесі (бұдан әрі күндізгі стационар):
Күндізгі стационар – бұл жұмысты ұйымдастырудың стационарды алмастырушы түрі, онда пациент тәулігіне 8 сағат аралығында ем алады. Осында пациенттер тәуліктік медициналық бақылауында болмай, денсаулықпен байланысты проблемаларды шеше алады. Күндізгі стационарда пациенттер тек емделу үшін қажетті уақыттың бір бөлігін өткізеді, ал тыс уақытта белсенді өмір сүруді жалғастырады.
Күндізгі стационар қызметтерін келесі жағдайларда пайдаланып қалуға ұсынады:
- Қанайналым, дем алу, асқорыту ағзаларының созылмалы аурулары, бұлшықет жүйесінің, нерв жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының аурулары асқынған кезінде. (Ескерту: егер пациент тәуліктік медициналық бақылау мен емді қажет етпеген жағдайда).
- Тәуліктік стационарда жатқаннан кейін қалпына келтіру емін алу үшін.
- Сыртқы факторлардың әсер етуінен (мысалы: алкогольды қоса уыттанулар, түрлі жіті аурулардың білінуі, созылмалы түрлердің асқынуы) денсаулық жағдайы біраз нашарлап, дәрігердің бақылауымен біршама оңалту курсы қажет болған жағдайлар.
- ДСМ №669 бұйрығына сәйкес.
Күндізгі стационар ұжымы – бұл білікті мамандар, медицина ғылымдарының кандидаттары. Егер емдеу процессінде қандай болса да маманның консультациясы немесе қосымша тексерудің қажеттілігі туындаса, пациенттерге қызмет көрсетуіне диагностикалық әдістердің барлық спектрі ұсынылады.
Консультациялық-диагностикалық бөлімше (Check up)
Консультациялық-диагностикалық бөлімше Астана қаласының АЕК үшін тар мамандармен шарт негізінде пациенттерді қабылдау бойынша қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау Комитетімен 2012 жылдың 20 сәуірінде берілген №10628DZ лицензиясына және медициналық пен дәрігерлік қызметтің түрлері бойынша олардың қосымшаларына сәйкес, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ақылы медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі ережелерінің негізінде ақылы медициналық қызметтер көрсетіледі.
Бөлімшеде әрдайым терапевт, кардиолог, невропатолог-эпилептолог, гинеколог, хирург, лор дәрігері, окулист мамандары қабылдауды жүргізеді. Қажет болған жағдайда пациенттерге тәуліктік стационардың дәрігерлері мен нозологиялық бейін бойынша кафедра қызметкерлері консультация береді..
Диагностикалау үшін заманауи жабдықтар қолданылады:
- Neitz BXa офтальмоскопы
- СР-500 SHIN-NIPPON белгілер проекторы
- Accuref-K 9001(Shin-Nippon) авторефкератометр
- NCT-10 (Жапония) УДЗ аппараты
- AP-SOOOC автоматты периметр
- «Медицентр Интер» оториноларингологиялық қондырғы
«Ауруды емдегенше, алдын алған оңай» (халық даналығы) – осыны жасы ұлғайған шаққа дейін өмір сүруге, сонымен қатар жастық жігерлілікті, жарқын жүзділік пен жұмысқа қабілеттілікті сақтап қалуға тырысатындарының әрбіреуі біледі. Ол үшін жақсы тұқымқуалаушылықтың болуы және салауатты өмір салтын ұстану жеткіліксіз, профилактикалық тексеруден жүйелі түрде өткен қажет. Осы мәселенің өте жақсы шешімі организмді кешенді тексерудің жеке бағдарламалары - Check-Up болып табылады.
Check-Up басты мақсаты бастапқы сатыларда ауруларды анықтау мен алдын алу болып табылады.
Ең жаңа ғылыми-техникалық әдістерге негізделген мақсатты алдын алу, адам организмі сияқты осындай ең күрделі жүйеде «осал жерлерді» анықтауға мүмкіндік береді. Ол аурудың клиникалық симптомдары білінбей жатып, ауруды алғашқы сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Ауру іште қатты білінбеуі мүмкін, бірақ біз оны дамымай тұрып бұрын анықтаймыз. Қысқа уақытта, қазіргі заманғы медициналық аппаратураның көмегімен, біз білікті дәрігер-мамандар талдап шығатын Сіздің денсаулығыңыздың жағдайы туралы кең және жан-жақты ақпарат аламыз. Ал уақытында тағайындалған ем толық жазылуына кенет мүмкіндікті жоғарылатады.
Егер мұқият тексеруден кейін сіздің үрейіңізді жойсақ және «Сіз мүлде саусыз!» мүмкін диагноздарының ішінен жақсысын қойсақ біз өте қуанышты боламыз.
Амбулаториялық колопроктология орталығы
№1 көпбейінді қалалық аурухана базасындағы амбулаториялық колопроктология орталығы, колопроктологиялық аурулармен айналысатын Астана қаласындағы жалғыз мамандандырылған орталық болып табылады. Орталықтың құрылған күні Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының № 280-ө бұйрығына сәйкес 2013 жылдың 10 сәуір айы болып саналады. Бірақ колоректальді хирургия №1 көпбейінді қалалық ауруханада көп жылдар бұрын дами бастаған. Қазақстандағы жетекші колопроктологтардың бірі медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.В. Мун көп жылдарын осы ғылымға арнаған, №1 көпбейінді қалалық аурухананың хирургия бөлімшесінің базасында жұмыс істей отырып өз колопроктологтар мектебін құрған. Оның басшылық етуімен Қазақстанның түрлі өңірлерінде табысты жұмыс істейтін, толып жатқан колоректальді хирургтар тәрбиеленген.
Амбулаториялық колопроктология орталығын құрудың негізгі мақсаты колоректальді аурулармен пациенттерге, сондай-ақ стомирацияланған пациенттерге мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету болып табылады.
Осында Сіз білікті консультацияны ала аласыз және барлық қажетті тексерулерден өте аласыз (функциялық, рентгенологиялық, эндоскопиялық, УДЗ-зерттеулерді және т.б.), сондай-ақ тәжірибелі дәрігерлер мен мейіргерлердің бақылауында қажетті манипуляцияларды жүзеге асыра аласыз. Сіз өзіңіз үшін ыңғайлы қай уақытта болса да біздің клиникамыздың базасында тексеру мен емдеудің толық курсын өте аласыз. Іс жүзінде барлық проктологиялық пациенттерді хирургиялық емдеу инновациялық технологияларды қолдануымен жүргізіледі, ол күндізгі стационар жағдайларында емдеуді жүргізуге жағдай туғызады. Амбулаториялық ем уақытты ғана емес және де қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Біздің қызметтеріміз:
- Тоқ ішек ауруларының диагностикасы (мегаколон, долихомегаколон, дивертикулез, полипоз)
- колоректальді обырды анықтау бойынша скринигті өткізу
- эндоскопия (аноскопия, ректоскопия, ректороманоскопия, колоноскопия)
- рентгенография (проктография, ирригография, асқазан-ішек жолдарымен барийдің өтуі)
- геморройды, сфинктеритті, папиллитті, криптитті операциясыз емдеу
- бейспецификалы ойықжаралы колитті, Крон ауруын, айқындалмаған колитті, созылмалы колитті операциясыз емдеу
- Колопроктологиялық операциялардың барлық түрлері:
- түрлі модификациялардағы геморроидэктомия
- геморрой түйіндерін лигирлеу
- геморрой түйіндерін склероздеу
- тромбталған геморрой түйіндерінен тромбэктомия
- айналшық сызатын сылып алып тастау
- айналшық каналының түймешіктерін сылып алып тастау
- тік және тоқ ішектен эндоскопиялық полипэктомия
- теріасты, сілемейқабықасты парапроктиттерді жару және дренаждау
- сыртқы жыныстық ағзаларының перианустық аумағы мен айналшық каналындағы кандиломаларды сылып алып тастау
- интрасфинктерлі жыланкөз өрісін сылып алып тастау
- абсцестенетін эпителиальді – құйымшақтық жылауықты жару
- эпителиальді – құйымшақтық жылауықты сылып алып тастау
- тыртықты тарылыстар кезінде айналшық каналын жамау
- сегізкөз-құйымшақтық аумағының тератомдарын, параректальді тератомды жылауықты сылып алып тастау
Орталық құрылымында 2 орынды палата бар (ерлер және әйелдер). Орталықты Тян Леонид Владимирович – медицина ғылымдарының кандидаты, ЖҒРА корреспондент- мүшесі, Қазақстанның, Ресей Федерациясының колоректальді хирургтар қауымдастығының, Қазақстан мен Ресей Федерациясының эндоскопиялық хирургтар қауымдастығының, Ресей Федерациясының гастроэнтерологтар қауымдастығының мүшесі, жоғары санатты дәрігер-колопроктолог басқарады.
Орталық қабылдау мен емді қалалық емханалардың жолдамасы бойынша бюджеттік негізде (тегін), сондай-ақ ақылы негізде көрсетеді.
ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ?
- жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
- қазіргі заманғы жабдықтар
- ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
- адалдық пен ашықтық
- көпжылғы тәжірибе
- құпиялық
БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:
+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны
+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша
+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер
+7 7172 27 20 22 – Амбулаториялық колопроктология орталығымен қабылдау-диагностикалық бөлімшесі
БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66
Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК
Амбулаториялық колопроктология орталығымен қабылдау-диагностикалық бөлімшесі, 1-ші қабат және 2-ші қабат.