ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ
Инсульт – ми қанайналымының бұзылысымен байланысты ауру, осының нәтижесінде мидың белгілі аумақтарында қанағым төмендейді немесе толығымен тоқтайды, немесе тамыры жарылып, қан құйылады. Бүгінгі күнде инсульт халық өлім-жітімділігі себептерінің ішінде екінші орында тұр. Және де инсульт мүгедектікке жетелейтін аурулардың ішінде бірінші орында тұр. Инсультті басынан кешкен 80% адам мүгедек болып қалады, олардың ішінен 25% қалған өмірінде тұрақты күтімді қажет етеді. Сондай-ақ инсульттан кейін оңалту соңғы орында тұрған жоқ.
Егер Сіз төмен аталған симптомдардың біреуін өзіңізде байқасаңыз, Сізге дереу мамандарға қаралу қажет:
- артериялық қысымның кенет көтерілуі
- бас ауыруы
- естен тану
- жүріс кезінде бас айналу мен тұрақсыздық
- сөйлеудің бұзылуы
- қол мен аяқтың әлсіздігі және ұюы.
«№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК-ның базасындағы инсульт орталығы Астана қаласы Алматы ауданының 250 мың тұрғындарына 30 төсек-орын есебімен 2012 жылдың 1 наурызында құрылған. Орталық инсультті басынан кешкеннен кейін ағзаның функцияларын максимум қалпына келтіру және қайта инсультті алдын ала ескерту мақсатында, халықаралық стандарттарға сәйкес жіті ми қанайналымының бұзылыстарымен науқастарға медициналық көмекті көрсету үшін арналған.
Инсульт орталығының құрамына: қарқынды терапия және реанимация бөлімшесінің 6 төсек-орны, 24 төсек-орынға арналған ерте оңалту бөлімшесі, 10 төсек-орынға арналған нейрохирургия бөлімшесі кіреді. Инсултьтпен ауыратын науқастарға шұғыл көмекті нейрохирург, невролог, реабилитолог, емдік денешынықтыру нұсқаушылары, психиатр, кардиолог, нейрореаниматолог дәрігерлерінің құрамындағы мультидисциплинарлы бригада көрсетеді.
Жоғары білікті дәрігер қызметкерлері мен қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталуы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Орталық қызметтерді ТМККК, МӘМС шеңберінде, сондай-ақ шаруашылық есеп негізде көрсетеді.
ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
- эрготерапия – өзін өзі күтудің тұрмыстық дағдыларын қалпына келтіру
- әр түрлі анализаторлар мен өмірлік маңызды функцияларды ширату
- жұту, сөйлеу, жамбас функцияларын алдын алу және қалпына келтіру бойынша шаралар мен әдістер
- түйілуді алдын алу мен қозғалғыштықты қалпына келтіру
- күнделікті өмірдегі және байланыстағы белсенділікті қалпына келтіру
- әлеуметтік адаптацияны жоғарылату
- сана белсенділігін жақсарту
- қабылдап сезінуді жақсарту
- контрактураларды, жауыржараларды алдын ала ескерту
- белсенділендіретін күтім.
Орталықта емдеуге жататын негізгі патологиялар:
- гемаррагиялық инсульт
- ишемиялық инсульт
- транзитарлы-ишемиялық өршулер
- жалғастырылған ерте оңалту (инсультті басынан кешкеннен кейін алғашқы 3 ай аралығында)
Тәжірибеде қолданылатын инновациялық әдістер:
- Клиникалық тәжірибеге ишемиялық инсультті емдеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу және игеру, тромболиялық терапия – тромболизисті инсульттің бірінші белгілері пайда болған кезінен бастап терапияның 4,5 сағат уақыт аралығы кезеңінде қолдану.
- Шаралар кешені – мультидисциплинарлы принципке негізделген, қалпына келтіру емі:
- медицина реабилитологтарының, ЕДШ нұсқаушыларының, логопедтің қатысуымен оңалту шаралары.
- жалпы медицина шаралары – науқасты бақылау мен күту
- негізгі неврологиялық асқынуларды алдын алу мен емдеу.
ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ?
- жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
- қазіргі заманғы жабдықтар
- ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
- адалдық пен ашықтық
- көпжылғы тәжірибе
- құпиялық
БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:
+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны
+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша
+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер
+7 7172 40 38 02 – Инсульт орталығы
БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66
Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК
Инсульт орталығы, 4-ші қабат.