Байланыс

+ 7 (7172) 51 57 02
+ 7 (7172) 27 20 15
+ 7 (7172) 50 62 71

010000, Астана қаласы,
Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Разработка и сопровождение сайта - Web-студия "Siteland"
--

МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЗЕРТХАНАСЫ

Микробиологиялық зерттеулер - зерттеудің басқа түрлерімен қатар, диагнозды дәл қоюға және емдеудің қажетті әдісін таңдауға, ауруды болжауын анықтауға, емдеудің тиімділігіне бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ алдын алудың сайма-сай шараларын дайындауға мүмкіндік береді. Микробиологиялық анализаторларды қолдануымен озық технологиялар зерттеу мерзімдерін қысқартады, теңестірілетін микроағзалардың номенклатурасын кеңейтеді және сезімталдықты анықтаудың дәлдігін жоғарылатады.       

№1 көпбейінді қалалық аурухананың микробиологиялық зерттеулер зертханасы стационарлық және амбулаториялық пациенттерден алынған материалдың микробиологиялық, диагностикалық және профилактикалық зерттеулерін орындайды. ЕААМ-де санитарлық-бактериологиялық бақылау бойынша жұмыстар орындалады.   

Зертхана заманауи аналитикалық және жалпы зертханалық жабдықпен, сондай-ақ шығыс материалдарымен жабдықталған. Барлық пайдаланылатын зерттеу әдістері мен реагенттері сертификатталған. Клиникалық материалдың сынамасын зарарсыздандырылған бір рет пайдаланылатын ыдысқа жинау және биоматериалдарды 24-72 сағат аралығында жеткізуге мүмкіндік беретін тасымалдау жүйелері арқылы жүзеге асырылады.    

Зертханада әрдайым биоматериалды алу ережелері мен жеткізу мерзімдері, сондай-ақ анализді орындау мерзімдері туралы білікті кеңес алуға болады. Пациентке биоматериалды жинауға арналған тиісті контейнерлер мен тасымалдау орталары және «Пациентке арналған ескертпелер» беріледі.

Зертхана жұмысының негізгі бағыттары:

  • кейін микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты анықтаумен, микрофлораның бар болуына пациенттен алынған биоматериалды (қан, ликвор, зәр, нәжіс, жара бөлінушілігі, жыныс мүшелерінің, көздің, құлақтың, жұтқыншақтың, мұрынның бөлінушілігі, қақырық, емшек сүті және т.б.) микробиологиялық зерттеу;
  • өндірістік бақылау мақсатында ЕААМ-де қоршаған ортаны санитарлық-бактериологиялық зерттеу; 
  • микроб көрінісін және бөлінген микрофлораның бактерияға қарсы дәрілерге сезімталдығын бақылау.

Микробиологиялық зерттеулердің спектрі:

  • жұқпайтын іріңді-қабынбалы аурулардың диагностикасы және бактерияға қарсы дәрілерге сезімталдықты анықтау (қанды зарарсыздыққа және қан өсініне, зәрді бактериурияға, мұрын, көз, құлақ, жара, жоғарғы тыныс жолдарының, әйел жыныстық ағзаларының, простатит сөлінің, пунктаттардың, экссудаттардың, өттің, ұрық айналасындағы сулардың, емшек сүтінің және т.б. бөлінушілігі);  
  • ішек инфекцияларының диагностикасы (патогенді және шартты-патогенді энтеробактерияларға, иерсинииға, ішек дисбактериозына);
  • респираторлық инфекциялардың диагностикасы (дифтерияға, менингококктық инфекцияға);
  • жыныстық мүше жолдарының, орофарингстің және т.б. кандидоздық инфекциясының диагностикасы;
  • бруцеллезға серологиялық диагностика (Райт-Хеддельсон реакциясы);  
  • санитарлық-бактериологиялық зерттеулер (беткі шайындылар, ауа, зарарсыздандырылған материал, сұйық зарарсыздандырылған дәріханалық түрлері).

Сондай-ақ зертхана төмендегі қызметтерді көрсетеді:

  • Медициналық тексеруден өткен кезінде:
  1. стафилококқа тексеру;
  2. нәжісті патогенді микроағзаларға зерттеу;
  3. дифтерияға, менингококктық инфекцияға зерттеу.
  • Өндірістік бақылау мақсатында медициналық кабинеттер, орталықтар, дәріханалар үшін зерттеулер:
  1. зарарсыздыққа бактериологиялық бақылау;
  2. БГКП, алтын түстес стафилококк пен патогенді флораға шайынды;
  3. ЖМБ, алтын түстес стафилококк пен саңырауқұлақшаға ауа.

Микробиологиялық зерттеулер зертханасының артықшылықтары:

  • Анализдердің көп бөлігі 48-72 сағат аралығында орындалады, сондай-ақ алдын ала нәтижені хабарлау мүмкіндігі бар. 
  • Биоматериал толық жұмыс күні аралығында қабылданады (Дүйсенбі–Жұма күндері сағат  8:00-ден бастап 17:00-ге дейін; Сенбі күні сағат 8:00-ден бастап 12:00-ге дейін).
  • Сіздің қолайлылығыңыз үшін анализдердің нәтижесін Сіз үшін түрлі ыңғайлы тәсілмен алуға болады: жеке немесе сенім жүктелген тұлға арқылы; телефон немесе электронды пошта арқылы жүгіну.

Пациенттер бізді неге таңдайды? 

  • жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
  • қазіргі заманғы жабдықтар
  • ауруларды диагностикалаудың тиімді әдістері
  • адалдық пен ашықтық
  • көпжылғы тәжірибе
  • құпиялық 

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ: 

+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны

+7 7172 27 20 15 – жоспарлы емдеуге жатқызу сұрақтары бойынша

      +7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультациялық-диагностикалық қызметтер

+7 7172 27 20 51 - микробиологиялық зерттеулер зертханасы

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66

Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК

Микробиологиялық зерттеулер зертханасы, 1-ші қабат, 1-ші блок. 

Сәрсенбаев Ербол Жақсылықұлы,
Директор

[бөлімге өту]
№1 көпбейінді қалалық аурухана

Біздің пациенттерге арналған пайдалы ақпарат

Посмотреть
13:24
Городская больница №1, Нур-Султан - современная клиника
0:31
Берегите свое сердце!
0:44
Мойте чаще руки, овощи и фрукты
0:31
Вам жить! Вам выбирать! (Репродуктивное здоровье)

Ақпарат Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен қамтамасыз етілді