НЕВРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ
Неврология бөлімшесі нерв жүйесінің түрлі ауруларын, ми мен жұлын, сондай-ақ шеткі нерв жүйесі қызметінің бұзылысын диагностикалаумен және емдеумен айналысады.
Неврология бөлімшесінің негізгі міндеті аурухана жағдайында неврологиялық бейінінің пациенттеріне жоғары білікті көмек көрсету болып табылады.
«№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК неврология бөлімшесі 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Бөлімше 40 төсек-орынға есептелген. Бөлімше жұмысы тәулік бойы жоспарлы және шұғыл тәртіпте, сондай-ақ ақылы негізде және сақтандыру полисі бойынша жүргізіледі. Бөлімше дәрігерлері неврология саласындағы заманауи технологияларды пайдалану үшін қажетті мамандандырылған дайындықтан өткен тәжірибелі мамандар болып табылады.
№1 көпбейінді қалалық ауруханасының неврология бөлімшесі қызметінің негізгі бағыттары:
- Орталық және перифериялық нерв жүйесінің жіті және созылмалы аурулармен ауыратын науқастарды тексеру, емдеу мен оңалту.
- Ми-тамырлық аурулар, соның ішінде ми инфарктінің, бассүйекішілік жарақаттық емес және жарақаттық қан құйылуының зардаптары.
- Нерв жүйесінің қабынбалы ауруларының зардаптары.
- Экстрапирамидалық және басқа қозғалыстық бұзылыстар, соның ішінде Паркинсон ауруы мен екінші реттегі паркинсонизм.
- Дегенерациялық-дистрофиялық аурулар, соның ішінде омыртқа бағанасының аурулары кезіндегі жіті және созымалы ауырсыну синдромдары (остеохондроз және оның асқынулары).
- Жеке нервтердің, нервтік түбіршектер мен өрімдердің, соның ішінде жарақаттан кейінгі зақымданулар.
- Вегетативтік нерв жүйесінің бұзылыстары, сондай-ақ ми мен жұлынның басқа да зақымданулары.
- УДЗ навигациясымен ботулинотерапия.
Қысқа мерзімде төмендегілерді қоса кешенді тексеру жүргізіледі:
- Қанды, зәрді, ликворды клиникалық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеу.
- Компьютерлік томография.
- Мидың, омыртқа бағанасының магнит-резонанстық томографиясы.
- Мойын, қол-аяқ тамырларын дуплексті зерттеу.
- Рентгенологиялық зерттеу.
- Электроэнцефалография.
- Электронейромиография.
- Мамандар консультациясы.
ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ?
- жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
- қазіргі заманғы жабдықтар
- ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
- адалдық пен ашықтық
- көпжылғы тәжірибе
- құпиялық
БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:
+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны
+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы емдеуге жатқызу сұрақтары бойынша
+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультациялық-диагностикалық қызметтер
+7 7172 40 86 15 – Неврология бөлімшесі
БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66
Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК
Неврология бөлімшесі, 4-ші қабат.