ОПЕРАЦИЯЛЫҚ БЛОК
Операциялық блоктың бөлімшесі жұмыс жасау үшін 2012 жылдың ақпан айында ашылған, Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Операциялық блок екінші қабатта және бір операция жасау бөлмесі қабылдау бөлімшесінің жанында бірінші қабатта орналасқан. Екінші қабатта екі блокқа арналған барлығы 10 операция жасау залдары бар. Алты залға арналған жоспарлы операциялық блок (6 блок) күндізгі уақытта (8:00-18:00), қажет болған жағдайда операциялық әрекет аяқталғанға дейін жұмыс істейді, төрт залға арналған шұғыл операциялық блок ургентті қызметті тәулік бойы атқарады.
Бөлімше жұмысқа арналған барлық қажетті аппаратурамен жабдықталған:
- Ұсақ сүйектерді өңдеуге арналған бұрғы мен сагитталды ара;
- Монополярлық, биополярлық тілінген орындар мен коагуляцияға арналған ARS сериялы жоғары жиілікті электрокоагулятор;
- Гистерорезектоскопиялық баған;
- Жоғары жиілікті электрокоагулятор ЭХВЧ бейне бағанаға арналған блок МВС600;
- Моторлы хирургиялық жүйе HighSurg 30;
- Ультрадыбыстық диссектор және жоғары жиілікті хирургиялық аппарат (мультихирургиялық блок) SОnОСА 4;
- Керек-жарақтармен мамандандырылған хирургияға жалпы хирургияға арналған операция жасайтын үстел РrАСТiСО;
- Операциялық көлеңкесіз сателлитпен жарықшам, МЕriluХ Х3/Х5 DUО;
- Операциялық көлеңкесіз жарықшам (едендік 3 шамдық, қуат көзі 3 сағатқа) МЕriluХ Х3 F;
- Хирургиялық электрлік сорғыш 5 л, GF-092;
- Жинақта жарықтандырғыш медициналық тар бағыттағы жарықты маңдайлық (бас дулығасында);
- Операциялық микроскоп, ОРМI SЕnsЕrА;
- Операциялық микроскоп OPMI PENTERO 900;
- Негатоскоп 40х43см шамды реттеумен;
- Жинақта урологиялық операцияларға арналған бейнеэндоскопиялық кешеннен литотриптер, LiТНОСlАsТ;
- Медициналық көпатқарымдық сырғытқы кереует;
- Сүйектерге операция жасауға арналған бұрғы мен ара;
- Бассүйекті креанитомиялауға арналған бұрғы;
- Сүйектерге операция жасауға арналған бұрғы мен ара;
- Генератор G11 (Джен Илевен) GEN11;
- Су термостаты 4,5 л ТW-2;
- Жинақта урологиялық операцияларды жасауға арналған бейнеэндоскопиялық кешен (лазерлік литотриптер);
- Жиынтықта шағын инвазиялық хирургиялық әрекеттерге арналған бейнеэндоскопиялық жиынтық;
- Салқын-плазмалық коагуляциямен жоғары жиілікті электрохирургия аппараты СРС 3000.
Жабдық «МИТ» компаниясының инженерлерімен техникалық тексеруден өтеді және аурухананың медициналық техниктарымен болған жерінде орнында жөндеу жүргізіледі.
Жыл сайын дәріханадан талап бойынша дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар алынады - талап саны 3000-нан асады.
Ай сайын аурухананың эпидемиологиялық қызметімен эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша операция жасау залдарында шайынды алу жүргізіледі. Жалпы шайынды саны - 720 және одан да көп. Нәтижелер теріс.
Сондай-ақ Астана қаласының СЭҚ-мен шайынды алынады. Патогенді кокктарға, саңырауқұлақтар мен ОМИ аурухана ішілік бақылау. Сонымен қатар концентрацияға дез.құралдары алынған. Жалпы шайынды саны - 30. Нәтиже – теріс.
Күн сайын операциялар жоспары түрінде, келесі күнге арналған бөлімшенің жұмыс жоспары жасалады.
Күн сайын 30-дан 40-қа дейін операция жасалады. Осылайша бір жыл ішінде 11.000 операциялық әрекеттер жүргізіледі
ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ?
- жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
- қазіргі заманғы жабдықтар
- ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
- адалдық пен ашықтық
- көпжылғы тәжірибе
- құпиялық
БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:
+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны
+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша
+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер
БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы 66
Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК
Операциялық блок, 2-ші қабат.