ОРТАЛЫҚ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ БӨЛІМШЕСІ
Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің басты міндеті - емдік алдын-алу мекемелерін зарарсыз медициналық заттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ зарарсыздандырып өңдеудің барлық кезеңдерінде қолданылатын әдістерді үнемі шыңдау және оны барлық кезеңдерде бақылау болып табылады.
Емдік алдын-алу мекемелерінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру - көпсатылы күрделі процес болып табылады, ол бірнеше кезеңнен тұрады, яғни бұл кезеңдердің әрқайсысы зарарсыздандыру сапасын анықтайды:
- қолдану орындарында бұйымдарды алдын-ала зарарсызданыру және өңдеу (емшара, ота жасау, таңу бөлмелерінде және т.б.);
- бұйымдарды алдын-ала зарарсыздандырып тазалау;
- орау;
- зарарсыздандыру;
- зарарсыздандырылған бұйымдарды қолдану орындарына тасымалдау және сақтау.
ОЗБ тәулік бойы жұмыс істейді.
ОЗБ мынадай міндеттер жүктеледі:
- ауруханның медициналық мақсаттағы ұйымдарын және құралдарын қабылдау;
- сапасына арналған сынамаларды одан әрі қоя отырып, алдын-ала зарарсыздандырып тазалауды жүргізу (жуу, кептіру);
- құралдарды іріктеу, жинау және орау;
- зарарсыздандыру сапасын анықтау үшін тест-индикаторды қолдана отырып бұйымдарды зарасыздандыру;
- құжаттамаларды қатаң қабылдау және оның есебін жүргізу, бұйымдарды беру;
- таңу материалдарын дайындау;
- аурухананың бөлімшелеріне зарарсыздандырылған бұйымдарды беру.
Ауруханашілік инфекциялардың алдын-алу мақсатында барлық медициналық бұйымдар қолданылғаннан кейін бөлімшелерде зарарсыздандырудан өтуге тиіс. Алдын-ала зарарсыздандырып тазалау және бұйымдарды зарарсыздандыру ОЗБ-нде жүргізіледі.
ММБ қабылдау қатаң түрде кесте бойынша жүргізіледі. Құралдарды есеп бойынша қабылдаймыз, бөлімшелерден алынған құрал-саймандарды қабылдау журналына жазып қоямыз, таңбаланған торға жиналған күйінде саламыз және жуушы-зарарсыздандырушы машинаға саламыз, онда бұйымдар тазаланады, шайылады және кептіріледі. Сондай-ақ жуу-зарарсыздандырушы машинаның қолдану жөніндегі нұсқаулығын қатаң түрде сақтаймыз.
Алдын-ала зарарсыздандырып тазалау сапасы оң сынамалардың болмауына байланысты бағаланады: қанның болуына қатысты азопирам сынамасы; жуғыш заттардың болуына қатысты фенолфталеинді сынама. Сынама буып-түю үй-жайында арнайы үстелде жүргізіледі. Үстел реактивтермен, дәкелі шариктермен, сынамаларды жүргізуге арналған сөрелермен, тамызғышпен жабдықталған.
Сынаманы жүргізу үшін жуылған және кептірілген құралдардың топтамасынан 1% алынады.
Бұйымдарды өңдеу әсері оң нәтиже берген жағдайда теріс нәтиже алғанға дейін өңдеуді қайталаймыз.
Алдын-ала зарарсызданрып тазалауды жүргізгеннен және оның сапасын бақылағаннан кейін ота жасалатын құралдардың ішінен бөлімшемен жасалған тізім бойынша құралдардың жинағы жинастырылады.
ММБ іріктеу, жинау және орау буып-түю үй-жайында жүргізіледі. Буып-түю үшін бу және плазмалқ стерилизаторға арналған аралас орамдар, кездеме қағаз қолданылады. Бұйымдарды кездеме қағазбен орау кезінде оның екі қабаты қолданылады, яғни бұйымды ірбір қабатымен жеке-жеке орап, оны жабысқақ индикаторлық баумен бекітеміз. Аралас орамдар термодәнекерлеуші әдіспен таңбаланады.
Барлық орамаларға бикстер, талап етілген режимнің бақылау индикаторы бекітіледі (134*-5 мин. және 121*-20 мин.). Сүзгісі бар бикстердегі және кездеме қағазбен оралған ораманың зарарсыздылығын сақтау мерзімі - 20 тәулік, аралас орамдарда - 1 жыл.
Бөлімше ММБ алдын-ала зарарсыздандырып тазалау және зарарсыздандыру үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған.
- жуушы –зарарсыздандырушы машина - 2 дана, UNICLEAN SL M 15.
- бу стерилизаторлары - 3 дана STERIVAP.
- плазмалық стерилизатор - 1 дана STERRAD 100NX.
ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ?
- жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
- қазіргі заманғы жабдықтар
- ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
- адалдық пен ашықтық
- көпжылғы тәжірибе
- құпиялық
БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:
+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны
+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша
+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер
БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66
Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК
Орталық зарарсыздандыру бөлімшесі, 2 қабат.