ГИНЕКОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ
Гинекология – әйелдің өмір бойғы денсаулығын қорғайтын кешенді саласы, отбасын жоспарлау мәселелері.
Гинекологияда ерекше орынды түрлі гинекологиялық ауруларды алдын алу мен емдеу алады.
Жоғары білікті медицина қызметкерлері, заманауи медициналық жабдық, жақсы жағдай әйелдер қауымына шұғыл және жоспарлы жоғары мамандандырылған көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Егер Сіз төменде аталған симптомдарды өзіңізде байқасаңыз, дереу гинекологқа көрінуіңізге кеңес береміз:
- іштің төменгі бөлігіндегі қарқынды ауырулар;
- ауырудың бел аумағына, тікішекке, санның ішкі бетіне жайылуы;
- іштің төменгі бөлігінде жіті ауырулармен ере жүретін ішке қан кету.
Жіті гинекологиялық аурулардың туындау себептері:
- жасанды жолмен түсік түсіру;
- ішкі және сыртқы жыныстық ағзалардың қабынбалы аурулары;
- асқынған акушерлік анамнез;
- жатыр мен қосалқылардағы қуысішілік операциялар;
- жатырішілік контрацептивтерді пайдалану;
- отбасыдағы бедеулік;
- жүктілікті аяғына дейін көтермеу;
- анамнездегі жатырдан тыс жүктілік.
БӨЛІМШЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
-
Жіті аурулары барларға шұғыл көмек көрсету:
- жыныстық ағзалардан ішкі және сыртқы қан кету (жатырдан тыс жүктілік, жылауықтың жарылуы, түсік тастау, ауытқымалы жатырдан қан кету);
- жатыр мен қосалқылардың жіті қабынбалы аурулары.
-
Жоспарлы ем:
- жатыр миомасын емдеу (консервативті миомэктомия, жатыр тамырларын эмболизациялау, лапаротомды және лапароскопиялық гистерэктомия);
- анабездің қатерсіз аурулары – жылауық;
- бедеулікті емдеу;
- іншек қабырғаларының түсуі кезіндегі пластикалық операциялар;
- сыртқы жыныс ағзаларын косметикалық түзету;
- 12 аптаға дейін жүктілікті тоқтату.
Қазіргі заманғы жабдық, гинекологиялық ауруларды түрлі жолдармен жоғары технологиялы хирургиялық емді орындаумен қамтамасыз етеді. Хирургиялық гинекологиялық қызметтің басымдылығы эндохирургиялық және микрохирургиялық операцияларды жасау болып табылады. Эндохирургиялық әдістер жатыр миомасы, жатырдан тыс жүктілік, эндометриоздың ауыр түрлері кезінде, әсіресе жас пациент әйелдер үшін аса маңызды ағзаны сақтап қалатын операцияларды жасауға мүмкіндік береді. Жабыспаларды лапароскопиялық бөлу және жатыр түтікшелерінің өткізгіштігін қалпына келтіру - түтікті бедеулікті емдеудің негізгі әдістерінің бірі. Бұрында ашық түрде жасалатын барлық операциялар, біздің бөлімшеде лапароскопиялық техниканы пайдалануымен орындалады.
ПАЦИЕНТТЕР БІЗДІ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ?
- жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері
- қазіргі заманғы жабдықтар
- ауруларды емдеу мен алдын алудың тиімді әдістері
- адалдық пен ашықтық
- көпжылғы тәжірибе
- құпиялық
БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСЫМЫЗ:
+7 7172 51 57 02 – Анықтама орны
+7 7172 27 20 15 – Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу мәселелері бойынша
+7 7172 50 62 71 – Check-Up Орталығы және консультативтік-диагностикалық қызметтер
+7 7172 27 20 32 – Гинекология бөлімшесі
БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
010000, Астана қ., Р. Қошқарбаев даңғылы, 66
Астана қаласы әкімдігінің «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК
Гинекология бөлімшесі, 4-ші қабат.