Сәлеметсіз бе, Ермек!
Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!
Біздің Оториноларингология орталығында құлақ, тамақ пен мұрын аурулары кезінде отоларингологиялық операциялар мен манипуляциялардың барлық спектрін көрсетеді. Операциялық әрекеттер жоғары технологиялы әдістерді, шағын инвазиялық техниканы пайдалануымен жоғары кәсіби деңгейде орындалады.
Сізге біздің клиникамызда операция жасатуыңызға болады. Ол үшін, Сізге ЛОР дәрігердің көзбе-көз консультациясынан өту қажет.
Сәлеметсіз бе, Анатолий!
Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!
Біздің клиникамыздың жағдайларында (Астана қаласының ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК) стационарлық емді жүргізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін Сізге дәрігер-ангиохирургтың (қан-тамырлар хирургының) көзбе-көз консультациясына жолығу керек, ол күн сайын жоспарлы-консультациялық бөлімшеде, сағат 14.00-ден бастап 16.00-ге дейін жүргізіледі. Қажет болған жағдайда, Сізге ақылы негізде жасалатын жұмсақ тіндерді ультрадыбыстық зерттеу, ультрадыбыстық допплерография, компьютерлі томография сияқты аспаптық зерттеу әдістерін жүргізуіне жолдама берілетін болады. Егер Сіз елдің басқа өңірінде тұрсаңыз және белгілі себептермен көзбе-көз консультациясына келуге мүмкіндігіңіз болмай қалса, Сізге төменде көрсетілген e-mail өзіңізде бар зерттеулер мен қорытындылардың нәтижелерін, сондай-ақ оларға цифрлық суретті тіркеп (тік және бүйір кескін) жіберуіңізге болады.
(Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК қан-тамырлар хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі - Айтжанов Едиль Бакишевич, PhD, e-mail: a_idylle@mail.ru)
Сізге өз қызметтерімізді көрсетуге қуанышты боламыз.
Сәлеметсіз бе, құрметті Юлия!
Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!
Біздің ауруханада ақылы консультациялық-диагностикалық бөлімше бар, онда қала тұрғындарын да, басқа қаланың тұрғындарын да қабылдайды. Сіздің жағдайыңызда неврологтың консультациясына барып, тексеруден өту керек (қабылдауды жоғары санаттағы дәрігерлер, МҒК жүргізеді). Сіздің анаңызды емдеу үшін ақылы негізде де, сондай-ақ емдеуге жатқызу бюросы арқылы ТМККК шеңберінде де неврология бөлімшесіне жатқызуға болады.
Сәлеметсіз бе, құрметті Гуля!
Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!
Егер Сіз Астана қаласында болсаңыз, Сіздің әкеңізге емдік шаралар кешенін және одан арғы әрекеттерді белгілеу мақсатында қаралу үшін біздің клиникаға келу қажет.