Сәлеметсіз бе, Андрей!
Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!
Ол үшін Сізге тұратын жер бойынша емханаға барып, жолдаманы алып, жоспарлы тәртіпте оториноларингология бөлімшесінде операция жасатуыңызға болады. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде операция тегін жасалатын болады. Барлық тексерулерді стационарда өтіңіз.
Сәлеметсіз бе, Жанара!
Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!
Өздігінен ақылы негізде жүгінген кезінде, медициналық оңалту қызметтері ақылы қызметтерге бекітілген баға көрсеткішіне сәйкес төленеді. Әр пациент үшін сома көрсетілетін медициналық оңалту қызметтерінің түріне және жағдайының ауырлығына, сондай-ақ жеке таңдалған оңалту бағдарламасына байланысты болады.
Егер пациент емдеуге жатқызу порталы арқылы стационарлық емге жіберілсе, онда медициналық оңалту қызметтері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін болады.
Сәлеметсіз бе, Мадина!
Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!
Біздің клиникамызда осы операция түрі жасалынады, ол үшін Сізге портал бойынша кейінгі емдеуге жатқызумен тұрғылықты мекенжай бойынша жоспарлы тексеруден өту қажет.
Сәлеметсіз бе, Александр!
Бас дәрігер блогына жүгінгеніңізге рақметімізді айтамыз!
Клиникамыздың (Астана қаласының ШЖҚ «№1 қалалық ауруханасы» МКК) жағдайларында стационарлық емді жүргізу мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау үшін Сізге неврология бөлімшесінің жоғары санатты дәрігері Л.Ф. Антипованың көзбе-көз консультациясына келу керек.