Өкінішке орай, аурухана емделушілерді 15 жастан бастап қабылдайды. Сізге балалар ауруханасына жүгіну қажет. Қосымша ақпарат алу үшін келесе байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймын: 8 (7172) 231596
Бас дәрігердің блогына жүгінгеніңіз үшін және пікіріңіз үшін алғысымды білдіремін . №1 Қалалық аурухана мамандары әрдайым сапалы медициналық қызмет көрсетуге дайын. Өйткені біздің ұранымыз: «Ең жақсысы - Сізге». Сізге мықты денсаулық тілейміз!
Біздің клиникада гастроэнтерология бөлімшесі жоқ, бірақ Сіз осы профиль бойынша ем жүргізетін терапия бөлімшесі арқылы емдеуден өте аласыз.
Біздің клиникамыздың терапия бөлімшесіне госпиталдау ҚР барлық өңірлерінен жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Басқа қаланың емделушілерін госпиталдау тәртібі келесі: Сізге тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға жүгіну қажет, Сіздің емдеуші дәрігеріңіз стационарлық емделуге жататын медициналық көрсеткішіңізге сәйкес алдын ала госпиталдаудың мерзімін көрсету арқылы ауруханаға жатқызу порталында Сіздің аурухана төсегінің деңгейін көрсету арқылы тіркейді. Ауруханамыздың мамандары жоспарланған ауруханаға жатқызудың мерзімін қояды. Одан кейін емдеуші дәрігермен жолдама және жолпарлы ауруханаға жатқызу талоны берілді.
Біздің ауруханада аталған сырқатқа сәйкес қажетті әдісті таңдау арқылы тексеруден және емдеуден өтуге мүмкіндік беретін жоспарлы гинекология бөлімшесі бар. Аурухана жатқыжу порталы арқылы тегін негізде немесе ақылы негізде ауруханаға жатуыңызға болады. Сонымен қата, стационардағы ақылы бөлімшеге жүгіну арқылы амбулаториялық негізде кеңес алуыңызға да болады.